Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Приречное ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Қазақстан Республикасы

Батыс Қазақстан облысы

       Теректі ауданының аумақтық

            сайлау  комиссиясының

            2025 жылғы 9 сәуірдегі

    № 15 қаулысымен бекітілді

 

 

2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Приречное ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1.     Приречное ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау.

                                Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

                                2025 жылғы 9 сәуір

(14-б. 8-1)-тт, 113-1-б. 1, 2-т.)

2. Сайлау округінің тізімі мен шекарасын және аудандық аумақтық сайлау комиссының орналасқан жерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей

(22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.                                        

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)                  

          4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.                                            

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 24 сәуірден кешіктірмей

(17-б. 2-т.) 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2025 жылғы 24 сәуірден кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

 

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылғы 10 сәуірде басталады және 2025 жылғы 22 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.        

                                                                               (113-3-б. 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-б, 113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктерді беру.

     

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

                                                                                          (14б. 8-1)-тт, 31-б.)

 

  1. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында көзделген

                                                                                                        (113-4-б.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде                                                                           (113-4-б. 8-т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы  жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әр ұсынылған кандидатқа)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                                                (113-5б. 2-т.)

 

  1. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну кезеңі басталғаннан айдың бірінші күніне ұсынылады (2025 жылғы 1 сәуірге)

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                                                 (113-5-б. 3-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

                                                                                                (113-5-б. 3-т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 27 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                                       (113-5-б.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

                                                                                                 (113-5-б. 9-т.)

 

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

                                                                                                    (28-б. 6-т.)

 

 

        

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

             Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен  

             басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі  

             жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

             2025 жылғы 27 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат  

             18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 17 мамырда   

             жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта  

             аяқталады.

                                                                                                   (27-б. 2-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

         Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау  

          комиссиясы 

           Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                                    (28-б. 4-т.)

  1. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну.

         Аудан әкімі

          Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

          2025 жылғы 28 сәуірге дейін

                                                                                                   (24 б. 5-т.)

  1. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

         Учаскелік сайлау комиссиялары

          Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

          2025 жылғы 3 мамырдан бастап

                                                                                                     (26-б. 1-т.)

  1. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.

         Учаскелік сайлау комиссиялары

          Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

          2025 жылғы 8 мамырдан кешіктірмей                                                           

                                                                                  (18-б. 5)-тт,  38-б. 2-т.)

 

  1. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

         Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

          Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен    

          кешіктірмей

          2025 жылғы 15 мамырдан ерте емес және 2025 жылғы 17    

          мамырдан кешіктірмей   

       

                                                                                                     (37-б. 3-т.)

 

  1. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

         Учаскелік  сайлау комиссиялары

          Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

          Жергілікті уақыт бойынша 2025 жылғы 18 мамыр сағат  

          06.00-де                                                                   (40-б. 1-т.)

  1. Дауыс беруді өткізу.

         Учаскелік  сайлау комиссиялары

          Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

                                                                                                    (38-б. 1-т.)

  1. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.

         Учаскелік  сайлау комиссиялары

          Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

                                                                                        (18-б. 8)-тт, 43-б.)

  1. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.

         Учаскелік  сайлау комиссиялары

          Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу               (43-б. 8-т.)

  1. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну.

         Учаскелік  сайлау комиссиялары

          Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                                                 (113-8-б. 1-т.)

  1. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау.

         Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

          Сайлау өткеннен кейін үш  күннен кешіктірмей                                                                                

          2025 жылғы 21 мамырдан кешіктірмей

                                                                                                (113-10-б. 1-т.)

  1. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

         Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

          Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

          2025 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей

                                                                                              (44-б. 4-т. 3)-тт.)

  1. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру.

         Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

          Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

          Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және әкім  

          мәртебесі бар сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес  

          сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш  

          алғаннан кейін 2025 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей

                                                                      (45-б., 46-б. 3-т., 113-11б. 1-т.)

         

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
17 октября 2026
Теректі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
17 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы