Меню

Страницы

Статья

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Теректі ауылы                            №20            2025  жылғы 02 сәуір

 

            2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Теректі ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Ұзынкөл ауылдық округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 9 сәуір күні сағат 11-00-де ауылдық мәдениет үйі ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
  5. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары А.Байғалиға жүктелсін.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Теректі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                             А.Бисенгалиев

 

 

 

Дата публикации
04 апреля 2025
Дата обновления
04 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
17 октября 2026
Теректі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
17 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы