Теректі ауданы бойынша 2020 жылғы 5 айдың ішінде келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат
2020 жылы 5 айдың (қаңтар-мамыр) ішінде аудан әкімдігіне, дербес бөлімдеріне және ауылдық округтеріне 716 (624 – жеке, 92 – заңды тұлғалардан) азаматтардың өтініші келіп түсті. Соның ішінде 658 – өтініш, 1 – шағым, 57 – әр түрлі.
Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 273, заңға сәйкес түсінік берілгені – 291, тоқтатылғаны – 2, 141 – өтініш қарау үшін жолданды, 9 – өтініш қаралуда.
Жалпы келесідей мәселелер бойынша өтініштер көптеп келіп түсті:
- 274 (38,3%) жер қатынастары;
- 190 (26,5%) еңбек қатынастары;
- 39 (5,4%) тұрғын үй;
- 29 (4,0%) басқа мемлекеттік органдармен іс-әрекет;
- 28 (3,9%) білім;
- 20 (2,8%) құрылыс;
- 18 (2,5%) анықтама беру;
- 15 (2,1%) қаржы, экономика;
- 9 (1,3%) ауыл шаруашылығы;
- 9 (1,3%) материалдық, қайырымдылық және басқа да көмек;
- 8 (1,1%) кәсіпкерлік;
- 7 (1,0%) АӘК;
- 5 (0,7%) электрмен жабдықтау;
- 5(0,7%)мәдениет, тарих, өнер, сәулет, әдебиет және театрлар мәселелері;
- 5 (0,7%) Қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтар
- 4 (0,6%)Көлік және коммуникациялардың жалпы мәселелері;
- 4 (0,6%) ветеринария;
- 4 (0,6%) газбен жабдықтау;
- 3 (0,4%) сумен жабдықтау;
- 3 (0,4%) нотариалдық қызмет көрсету;
- 2(0,3%)денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері;
- 2 (0,3%) статистика және есеп мәселелері;
- 1 (0,1%) интернет;
- 1 (0,1%) еңбекақы төлеу мәселелері;
- 1 (0,1%) сот төрелігі, құқық тәртібі;
(өзге салалар бойынша 30 – 4,9%).