Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындау туралы

 

 

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Теректі ауылы                              №74                           2023  жылғы 16 тамыз

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                 А.Бисенгалиев

Дата публикации
26 января 2026