| |
|
ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы №24 2023 жылғы 19 сәуір
|
|
|
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Подстепное ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2023 жылғы 28 мамырға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 3 - тармақтарына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 28 мамырға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 28 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев