Теректі аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
№ - 2025 жыл қараша
«Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы
27 наурыздағы№ 14-1 Теректі аудандық мәслихатының шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларындағы 4-1 тармақта (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33763 болып тіркелген) көрсетілген нормативтер шегінде есептейді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб – порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2 қосымшасында көзделген.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын кұжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы А. Нургалиев