2025 жылдың 01 тамызға кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер

2025 жылдың  1 тамызға  ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14 494,8 млн.теңгені (өсімдік шаруашылығы- 2002,3 млн.теңге, мал шаруашылығы- 12462,0 млн.теңге, 30,5 млн тенге қызмет көрсету) құрады, өткен жылы өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемімен салыстырғанда 104,8%.

Барлығы 2236  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 264 заңды тұлғалар (ЖШС, АҚ және т. б.), жеке кәсіпкерлер – 1280, шаруа немесе фермер қожалықтары – 687. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері – 2118, оның ішінде заңды тұлғалар (ЖШС, АҚ және т.б.) – 247, жеке кәсіпкерлер –1208, шаруа немесе фермер қожалықтары – 663.

Барлық өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 10 121,9 млн.теңге құрады (165,2%).

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15 млрд. 894,8 млн.теңге немесе 2024 жылмен тиісті кезеңімен салыстырғанда 149%, оның ішінде 6 млрд. 107,77 млн.теңге жеке инвестициялар, 9 млрд. 787 мың теңге бюджеттік инвестициялар.

Жеке инвестиция көлемінің ішінде 2 млрд. 295,8 млн теңге ауыл шаруашылығындағы инвестиция үлесі, өткен жылмен салыстырғанда 327,4%-ы құрады.

Биыл жұмыс жоспарына сәйкес аудан бойынша  барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 149,7 мың гектарды құрады, оның ішінде:

  • дәнді дақылдар – 58,4 мың га (былтыр егілген 17,78 мың га күздік дақылдар ,40,6 мың га жаздық дақылдар) 
  • майлы дақылдар -34,28 мың га, (күнбағыс -11,0 мың га, мақсары- 20,9 мың га, қыша – 0,10 мың га, зығыр – 1,33 мың га, соя-0,89 мың га  )
  • мал азықтық дақылдар – 56,35 мың га, ( бір жылдық-  10,0мың га, жүгері -0,9 мың га, көп жылдық шөп- 2,3 мың га, өткен жылдың көп жылдық шөптері – 43,15 мың га)
  • картоп және көкөніс – бақша дақылдары -0,548 мың га  (Картоп -361,1 га,көкөніс- 152,9 га, бақша -34,0 га),

 

Бүгінгі таңда күздік дақылдарды жинау аяқталып, жаздық бидай жинау жүріп жатыр. Аудан бойынша күздік дақылдардың алқабы 18 578 га барлығы жилалды немесе 100%, жалпы алынған өнім 26 821 тоннаны құрады, оның ішінде 24065 тонна күздік бидай, 2538 тонна күздік қара бидай,күздік третикали 218 тоннаны құрады.Жаздық дақылдар барлығы 40 690 га жиналғаны 25381,0 га немесе 63,1%, алынған өнім 17260 тонна.

 

Көктемгі далалық  жұмыстарды жүргізу үшін аудан шаруашылықтары     2056 тонна жанар-жағар майға «gosagro.kz» порталы арқылы сұраныс берді. Келесім шартқа отырып алынғаны  1524 тонна, немесе 75,5%. Барлық пайдаланылмаған жанар –жағар майы шөп шабу жұмыстарына қайта  бөлінді. Күзгі далалық жұмыстарға 2794 тонна дизель отыны бөлінді.  Жеткізуші оператор болып «Neftek Operating» ЖШС анықталды. Дизель отынының бағасы литріне жеткізу құныны қоса есептегенде 242 теңгені құрайды.

 

 

Аудан бойынша саяқ шегірткелер личинкалардың жаппай көрінуі осы жылғы 30 мамырдан басталып Аңқаты ауылдық округінің аумығанда байқалды, шегерткелердің қоныстану тығыздығы шаршы метрге 12 дана, барлық анықталған аумақтарға залалсыздандыру жұмыстар жүргізуде, аудан бойынша  саяқ шегірткелерге қарсы маусымдық жұмыстар 58672 гектарда жүргізілу жоспарланып, 58672 (100%) гектарда залалсыздандыру жұмыстар толығымен жүргізілді, соның ішінде 53672 гектар шаруашылықтар аумағында және 5000 гектар мемлекеттік қордың жерлерінде.

 

    Техника туралы

Ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарын жүргізу үшін 2311 бірлік техникасы тіркелген: 1360 трактор, 135 комбайн, 650 трактор тіркемесі, 148 жол-құрылыс, 7 қар жүргіш және 11 басқалары.  Жыл басынан 116 бірлік техника тіркелді. 89 бірлік техникасы тіркеуден шығарылды. 44 тракторист-машинист куәлігі берілді,  20 кепіл шарт тіркеліп 61 машина кепілге қойылды.2025 жылы  89 жаңа техника сатып алынды ( 35 техника «КазАгроҚаржы» АҚ және 5 «КомТрансЛизинг» ЖШС  арқылы лизингке). Теректі аудан шаруашылықтарында  31 шет елдік трактор (28 Джон Дир және 3Кейс ), 26 шет елдік комбайндар ( 23Джон Дир ,3 Нью Холланд) тіркелген. 15 егіс кешендері бар: 2 Флекси Койл және 13 Джон Дир.                                

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы саласында  2025 жылдың 1 тамызға  Ірі  қара  мал  басы 62585 (100,6%) бас,   соның  ішінде  сиыр  29 419 (105,3 %), қой 66728 (102,1%)  бас, ешкі 8924 бас (91,3 %),  жылқы  17122 бас (102,0%), шошқа  926 бас (59,2%),  құстар 45705 (106,1%)  бас.                                        

2025 жылдың 1тамызға   18828 бас  бұзау (90,8 %),  қозы  мен  лақ  -36236 (102,1%), құлын 4889 бас (95,6),  торай 1698 бас (61,3 %),  төл  алынды.                     

Мал өнімдерін өндіру: Аудан  бойынша  жеке тұрғындар, шаруа  қожалықтары  және  ауыл  шаруашылық  құрылымдары:  22177,9 тн сүт (104,6%),  3215,0 ет (100,3%), 3722,5 мың дана  жұмыртқа (104,9%) өндірді.

2025-2026 жылдарға  мал қыстағына мал басы санына сәйкес 158,3 мың тонна мал азығын жинау жоспары бекітілді, соның ішінде  агроқұрылымдарда 83,37 мың тонна және жеке қосалқы шаруашылықтарда 74,91  тонна. Қыстаққа кіруге күтілетін  мал саны 60,7 мың ірі қара, 68,4 мың бас ұсақ және 17,8 мың жылқы. Барлығы 73,3 шартты мал басы. 6,2  ц/га орташа өнімділікпен 142,880 мың тонна шөп жиналды, немесе 90,3%  жоспардан. Өткен жылдан қалған шөп көлемі 52,9 мың тонна. Барлығы дайындалғаны 195,8 мың тонна немесе 123,7%

Асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар:

2025 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтарда 10206 бас асыл тұқымды ірі қара (ақбас – 7108, герефорд – 833, ангус – 780 бас, сүтті бағыттағы 1458 бас, басқалары 27 бас) 

6 шаруашылықта 120 бас асыл тұқымды Көшім тұқымдас жылқы және 21 шаруашылықта 762 бас Еділбай  тұқымды аналық қой және қошқарлар.

Ауыл Аманаты бағдарламасы

2024 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы белсенді жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 653 млн 338 мың теңгеге 60 жоба тапысырылып, 55 жобаға 558 млн 138 мың теңгеге несие берілді.295 бас ірі қара мал, 170 бас ұсақ мал және 37 912 құс сатып алынды, 55 жаңа жұмыс орын ашылды.

2025 жылға «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында Теректі ауданына бөлінген лимит 727 млн 675 мың теңге.

Бүгінгі таңға бағдарламаның сенім білдірген агентіне («AQJAIYQ» корпорациясына) жалпы соммасы 106,3 мың теңгеге 11 жоба тапсырылды, соның ішінде:

- 6 жоба 57 млн 600 мың тенгеге қарауда, (мал шаруашлығы – 2 жоба 18 млн 830 мың тг (Шаған, Покатиловка а/о); құс шаруашылығы – 1 жоба 7 млн 100 мың тг (Ақжайық а/о); а/ш техникасын және жабдық сатып алу – 2 жоба 24 млн 030 мың тг (Шалқар а/о, Шаған а/о), шағын бизнес дамыту – 1 жоба 7 млн 700 мың тг (Ақжайық а/о).

- 5 жоба 48 млн 650 мың тенгеге мақұлданды, (мал шаруашылығы – 5 жоба 48 млн 650 мың тг (Ақжайық а/о, Құмақсай а/о, Покатиловка а/о, Шаған а/о -2 жоба).

- несие алғандар жоқ.

Бағыттар бойынша:

- мал шаруашылығы саласында – 7 жоба 67 млн 480 мың тг;   

- кооперативтерді жабдықтау – 2 жоба 24 млн 030 мың тг;

- құс шаруашылығы – 1 жоба 7 млн 100 мың тг;

- шағын бизнес дамыту – 1 жоба 7 млн 700 мың тг.

2025 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарлама аясында жоспарланған жобалар нәтижелі болу үшін қазіргі кезде аудан аумағынан 6 (Ақжайық,Покатиловка, Долин,Богдановка, Ақсуат Шаған) ауылдық округте якорлық ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі(АШӨК) құрылып, жұмыстарын бастады, бүгінгі күнге АШӨК құрамы 50 тұрады, жобаны іске асыру қорытындысы бойынша 16 адаммен толықтырылды.

 

Инвестиция

Бүгінгі күнге шаруа қожалықтардың мүліктерінің заңдастырылған жағдайда және округ әкімдерінің «Аманат» партиясында қорғаған жобаларына қоса 2025 жылға инвестициялық 99 жобаның, болжамды жұмыс орын 275, жалпы құны 17 958 млн тенге.

 

 

Дата публикации
22 августа 2025