АҢҚАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2025 жылдың 18 мамыр күні Аңқаты ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 21 мамырдағы №63 шешімімен Аңқаты ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Мусин Сабырбек Аманбекович, 1982 жылы туған, жұмыссыз, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
А.Бисенгалиев,
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы