ТЕРЕКТІ АУДАНЫ ПРИРЕЧНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

ТЕРЕКТІ АУДАНЫ ПРИРЕЧНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2025 жылдың 18 мамырында Теректі ауданының Приречное сайлау округі бойынша Приречное ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Теректі ауданы Приречное ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 382 азамат енгізілді, оның – 304 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Барлығына қарсы» - 28.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ғазиз Б.Т. - 19 (7,1%)

Жаксыбеков М.Ж. - 213 (79,5%)

Кәдірғалиев Н.Ж. - 36 (13,4%)

Приречное ауылдық округінің әкімі болып Жаксыбеков Мейрамбек Жаксыбекович сайланды, 1976 жылы туған, «Приречное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім. Теректі ауданы, Приречное ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 мая 2025