ТЕРЕКТІ АУДАНЫ ПОКАТИЛОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 18 мамырында Теректі ауданының Покатиловка сайлау округі бойынша Покатиловка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Теректі ауданы Покатиловка ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 631 азамат енгізілді, оның – 501 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 14, «Барлығына қарсы» - 21.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байгасиева Р.А. - 14 (3,01%)
Дусенов А.И. - 421 (90,34%)
Салимбаева У.О. - 31 (6,65%)
Покатиловка ауылдық округінің әкімі болып Дусенов Адильбек Искендирович сайланды, 1972 жылы туған, «Покатиловка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім. Теректі ауданы, Покатиловка ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы