ТЕРЕКТІ АУДАНЫ АҚЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

ТЕРЕКТІ АУДАНЫ АҚЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2025 жылдың 18 мамырында Теректі ауданының Ақжайық сайлау округі бойынша Ақжайық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2536 азамат енгізілді, оның – 1097 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 77, «Барлығына қарсы» - 34.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кадыралиев Б.А. - 594 (60,30%)

Карабалина Э.К. - 20 (2,03%)

Каримова К.Т. - 17 (1,73%)

Тохмурзин А.Е.  – 354 (35,94%)

Ақжайық ауылдық округінің әкімі болып Кадыралиев Болат Александрович сайланды, 1975 жылы туған, «Ақжайық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім. Теректі ауданы, Ақжайық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 мая 2025