ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы №53 2025 жылғы 3 мамыр
2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Ақжайық ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Ақжайық ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақжайық ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 8 мамыр күні сағат 11:00-де ауылдық мәдениет үйі ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақжайық ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
- Осы шешім Ақжайық ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары А.Байғалиға жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Теректі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев