ТТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Теректі ауылы                    №51                    2025  жылғы 28 сәуір

 

 

            2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Теректі ауданының Приречное ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Приречное ауылдық  округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Приречное ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 2 мамыр күні сағат 11:00-де ауылдық мәдениет үйі ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.

       2.2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Приречное ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).

3.Осы шешім Приречное ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.

4.Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.

5.Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары  А.Байғалиға жүктелсін.

6.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Теректі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                       А.Бисенгалиев

 

Дата публикации
30 апреля 2025