ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ПРИРЕЧНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 27 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Приречное ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:
Теректі ауданы Приречное сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1-уі «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды, 2-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 27 сәуір сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 29 сәуірдегі №18 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы