СООБЩЕТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АҢҚАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АҢҚАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 27 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Аңқаты ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:

Теректі ауданы Аңқаты сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 3-уі өзін-өзі ұсынғандар.

Ағымдағы жылғы 27 сәуір сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 29 сәуірдегі №18 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси  газетінде  жарияланатынын хабарлайды.

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 апреля 2025