АҚСОҒЫМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

АҚСОҒЫМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2025 жылдың 20 сәуір күні Ақсоғым ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 25 сәуірдегі №28 шешімімен Ақсоғым ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Нуменов Саясат Максутович, 1986 жылы туған, «Ақсоғым ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды.

 А.Бисенгалиев,

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Дата публикации
25 апреля 2025