Теректі ауданының 2025 жылғы қаңтар-наурыз айына
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.
Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.
2025 жылғы 1 наурызына жағдай бойынша халық саны 38,562 мың адамды құрады.
Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.
Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
2022 ж. |
2023 ж. |
2024 ж. |
2025 ж. қаңтар-наурыз |
2025ж. қаңтар- наурыз пайызбен 2024 ж. қаңтар- наурыз |
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге |
6995,5 |
6 044,6 |
11674,2 |
3 804,5 |
301,2 |
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге |
31096 |
30 096,7 |
28 290,3 |
2 503,1 |
100,1 |
|
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге |
11569,8 |
20 047,5 |
45 334,3 |
2 413,2 |
151,3 |
|
Орташа айлық еңбекақы, теңге |
195 400 |
214 965 |
241 621* |
246 516* |
114,7* |
*- 2024 жылғы қаңтар - желтоқсанына
Теректі ауданының 2025 жылғы қаңтар- наурыз айына
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 804,5 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2024 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 301,2 % көп (НКИ – 301,2 %).
1145,6 тонна ет өндірілді немесе 2024 жылдың қаңтар-ақпан деңгейіне 97,6 %, сүт – 3408,8 тонна (99,1%), жұмыртқа – 1091,6 мың дана (105,4%).
Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі 257,0 млн. теңге құрады(2024 ж.- 210,1 млн.т.), немесе 120,7% көбейді, 3735 ш.м., тұрғын үй енгізілді (2024 ж.- 1982 ш.м.), бұл 2024 жылдың қаңтар-ақпан айының деңгейіне 188,4% құрады.
Тауар айналымы
Бөлшек сауда көлемі – 1252,4 млн.теңге құрады. 2024 жылғы қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 100,0% құрады.
Қаржы
2025 жылғы 1 сәуір мемлекеттік бюджетке 1 840,9 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті бюджетке – 1 177,3 млн. теңге. (болжамға 159,5 %, 2024 жылдың қаңтар-наурыз деңгейіне –125,3%).
Еңбек рыногы
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,6% құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,2 пайыздық пунктке жоғары.
2025 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 1126 адамды құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,7 % көбейді, кедейлік деңгейінен төмен тұратындар саны – 278 адам, бұл 2024 жылдың қаңтар-наурыз айының деңгейіне 73,0 % құрады (103 адамға аз).
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 373 адам жұмысқа орналасты, бұл 2024 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 9,4 %-ға көп.
2024 жылғы қаңтар- желтоқсанына айлық еңбекақы 14,7%-ға көбейіп, 246 516 теңге құрады.
Денсаулық сақтау
Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 27 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.
Білім беру
Білім беру желісін 35 жалпы білім беретін мектеп (6,582 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 19 мектеп (3,366 мың оқушы). 94 оқушыға арналған 5 мектеп жанындағы интернат бар.
Колледж (183 оқушы), 17 балабақша, 20 шағын орталық (1853 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1538 бала) жұмыс істейді.
Мәдениет
34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.
Ауданның әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша 2025 жылдың 3 айына оң динамика байқалады:
- негізгі капиталға инвестиция көлемі былтырғы көрсеткішке – 151,3% құрады;
- өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,0 есе көбейді;
- ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 0,1 % көбейді;
- ауданның шағын бизнес субьектілерінің өнімдерін өндіру 50,4% көбейді;
- бөлшек сауда көлемінің нақты индексі –100,0% құрады;
Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының оң тенденциясына қарамастан кейбір көрсеткіштер бойынша кері кетушілік байқалады:
- жұмысқа орналасқан саны 9,4 % азайды.