ҰЗЫНКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ҰЗЫНКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2025 жылдың 20 сәуір күні Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 22 сәуірдегі №27 шешімімен Ұзынкөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Ерсайнов Жалгас Нурланович, 1993 жылы туған, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды.

                        А.Бисенгалиев,

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Дата публикации
22 апреля 2025