ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылдың 20 сәуір күні Теректі ауданының Ақсоғым ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Ақсоғым ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Ақсоғым сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 719 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 505 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
А.Е.Куспановқа – 51; С.М.Нуменовқа – 368; З.Т.Утегеноваға - 47 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 14; жарамсыз бюллетеньдер саны - 25.
Нуменов Саясат Максутович Ақсоғым ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1986 жылы туған, «Ақсоғым ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы