ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

       

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

            2025 жылдың 20 сәуір күні Теректі ауданының Ұзынкөл ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Ұзынкөл  ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:  

Ұзынкөл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 460 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 313 сайлаушы дауыс берген.

          Әр үміткерге берілген дауыс саны:

          А.С.Ахметовқа – 7; А.Б.Биалиеваға – 18; Ж.Н.Ерсайновқа - 263 дауыс берілді.

«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 4; жарамсыз бюллетеньдер саны - 21. 

Ерсайнов Жалгас Нурланович Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1993 жылы туған, «Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды.

 

           

     Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
20 апреля 2025