ҚҰМАҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

ҚҰМАҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2024 жылдың 1 желтоқсан күні Құмақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №55 шешімімен Құмақсай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Мадиев Сержан Салембаевич, 1977 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жаңа Орда шағын ауданында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 А.Бисенгалиев,

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Дата публикации
05 декабря 2024