ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылдың 1 желтоқсан күні Теректі ауданының Құмақсай ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Құмақсай ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Құмақсай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 445 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 325 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Ә.А.Аманғазыға – 122; С.С.Мадиевқа – 192; Б.Т.Рахматуллинаға - 6 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 3, жарамсыз бюллетеньдер саны - 2.
Құмақсай ауылдық округінің әкімі болып Мадиев Сержан Салембаевич сайланды, 1977 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Жаңа Орда шағын ауданы, №79 үйде тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы