ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТЕРЕКТІ АУДАНЫ ҚҰМАҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2024 жылғы 5 қараша күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде Құмақсай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Теректі ауданы Құмақсай сайлау округі бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды, 5-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы