АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2024 жылдың 7 шілде күні Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 12 шілдедегі №22 шешімімен Ақсуат ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Адильханов Кайрат Алтайевич, 1978 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Пойма ауылы, М.Маметова көшесі 7/2 үйінде тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды.

 

                        А.Бисенгалиев,

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

 

Дата публикации
12 июля 2024