ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2024 жылғы 16 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Ақсуат ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:
Теректі ауданы Ақсуат сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 1-уі «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды, 2-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 16 маусымдағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2024 жылғы 18 маусымдағы №25 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы