ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Теректі ауылы                   №15           2024  жылғы 14 маусым

 

            2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Ақсуат ауылдық  округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 21 маусым күні сағат 17-00-де Пойма ауылындағы Пойма жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
  5. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары А.Байғалиға жүктелсін.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Теректі аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                             А.Бисенгалиев

 

Дата публикации
14 июня 2024