ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы № 4 2024 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 3 - тармақтарына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалсын.
- 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев