АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН УАҚЫТША ӨТЕУЛІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ (ЖАЛҒА АЛУ) ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ БОЙЫНША ӨТЕТІН КОНКУРСТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫКРЕСТЬЯНСКОГО ИЛИ ФЕРМЕРСКОГО ХОЗЯЙСТВА,

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН УАҚЫТША ӨТЕУЛІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ (ЖАЛҒА АЛУ) ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ БОЙЫНША ӨТЕТІН КОНКУРСТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Теректі ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын,  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2023 жылғы 03 қараша сағат 1000 да өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 18 мекен-жайы.

 

Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

Жер учаскесінің №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде: алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы (бұданәрімәтінбойынша - балл.б)

Ауданы,га

Жалға алу мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталықтарынан орташа қашықтық)

 

Сумен қамтамасыз ету

1

егістік, орташа балл б. - 22

358

10

Шаған а/о,  Бекей а. – 1,7 км

жоқ

 

ЕСКЕРТПЕ

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң 2023 жылдың 19 қазан мен 02 қараша аралығында, сағат 09.00 -дан бастап сағат 17.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның

тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер:

Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

2)Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

3)конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

4) конкурстық ұсыныс;

5) Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуүшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жерпайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

            2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда,Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануынас әйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әр тараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар(немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беружөніндегі конкурс" және " жылғы__________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақтыкүні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты (өтінім нысандары мен конкурсты өткізу ережесі) мына сайттан алуға болады: https://www.terekta-bko.gov.kz/немесе телефон арқылы 8(71132)-23-3-49 - "Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ.

 

 

Дата публикации
09 октября 2023