БОГДАНОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2023 жылдың 24 қыркүйек күні Богдановка ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №86 шешімімен Богдановка ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Нургалиев Аскар Серикович, 1980 жылы туған, Богдановка ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Богдановка ауылы, Крестьянская көшесі 4 үйінде тұрады, өзін-өзі ұсынды.

                                                                                            

                        А.Бисенгалиев,

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Дата публикации
27 сентября 2023