ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың 24 қыркүйек күні Теректі ауданының Богдановка ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Богдановка ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Богдановка сайлау округі Богдановка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 486 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 401 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Л.А.Кибашеваға – 4; А.С.Нургалиевқа – 314; Т.Б.Тукпаевқа - 77 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 0; жарамсыз бюллетеньдер саны - 6.
Нургалиев Аскар Серикович, 1980 жылы туған, Богдановка ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Богдановка ауылы, Крестьянская көшесі 4 үйінде тұрады, өзін-өзі ұсынды, Богдановка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы