ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Теректі ауылы                              №84                     2023  жылғы 6 қыркүйек

 

 

2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Богдановка ауылдық  округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні сағат 17-00-де Богдановка ауылындағы Богданов ауылдық клубының көрермен залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Богдановка ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
  5. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Д.Жумагалиевке жүктелсін.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Теректі аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                             А.Бисенгалиев

 

 

Дата публикации
06 сентября 2023