Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-шілде айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-шілде айына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

           Аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.

 Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.

2023 жылғы 1 шілдесіне  жағдай бойынша халық саны 39,075 мың адамды құрады.

Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.

 

Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж. қаңтар-шілде

2023 ж. қаңтар-шілде пайызбен 2022 ж. қаңтар-шілде

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

 

4709,3

 

5795,4

 

6995,5

 

3661,0

97,1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

21286,2

24117

31096

13480,1

99,0

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге

11117,9

9123,6

11569,8

9017,7

249,4

Орташа айлық  еңбекақы, теңге

133850

159019

195 400*

 242 150*

107,0*

 

      *- 2023 жылғы қаңтар - маусымына

 

Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-шілде  айына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

       Өнеркәсіп

       Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  3 661,0 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2022 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 2,9% аз (НКИ – 97,1 %).

 

Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13 480,1 млн. теңге құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-шілде  деңгейінен 1,0%-ға (НКИ) аз.

         3 643,1  тонна ет өндірілді немесе 2022 жылдың қаңтар-шілде   деңгейіне  100,0 %, сүт – 22 631,1 тонна (101,1%), жұмыртқа – 4 200,0 мың дана (100,3%).

         2023 жылдың 1 тамызына мүйізді  ірі қара мал саны 61,888 мың бас, немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 111,0% құрады, соның ішінде сиыр –  27,069 мың бас (108,9%), қой – 63,551 мың бас (107,1%), ешкі – 9,715 мың бас (101,1%), жылқы – 16,975 мың бас (110,9%), шошқа – 1,711 мың бас (127,3%), құс – 56,784 мың бас (101,1%).
      
Инвестициялық қызмет
  Негізгі капиталға инвестициялар  9 017,7 млн. теңге (2022 ж.-3 356,0 млн.т.)  құрады немесе 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 249,4 % құрады. Оның ішінде 3 428,2 млн.теңге (2022 ж.-1019,1 млн.т.)   кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебінен инвестициялар, немесе инвестициялардың жалпы  көлемінің 38,0% және өткен жылдың тиісті кезеніне 336,4%.
Бюджет қаражаты- 4 221,9 млн.тенге (2022ж.- 1948,1 млн.теңге), бұл жалпы көлемінің  46,8 % және өткен жылдың тиісті кезеніне 216,7 %.
       Басқа да қарыз қаражаты – 1 367,6 млн.тенге (2022ж.- 388,8 млн.теңге), бұл жалпы көлемінің 15,2% және өткен жылдың тиісті кезеніне 3,5 есе  көбейді.

        Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі  1 259,6 млн. теңге құрады(2022 ж.-1 151,8 млн.т.), немесе  5,8%  көбейді,  5 276 ш.м., тұрғын үй енгізілді (2022 ж.- 9 011 ш.м.),  бұл 2022 жылдың қаңтар-шілде  айының деңгейіне  58,6% құрады.

  

Тауар айналымы

      Бөлшек сауда көлемі – 2 375,2 млн.теңге құрады. 2022 жылғы қаңтар-шілде айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 200,1% құрады.

 

Кәсіпкерлік
      2023 жылғы 1 тамыз  жағдайы бойынша ауданда 2 435 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 35,1%-ға көп. Олардың 2232 жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 91,7 %-ы.
      Шағын кәсіпкерлік саласында 4049  адам жұмыс істейді, бұл 2022 жылдың 1 шілде  деңгейінен 12,8 %-ға  көп.
Ауданның шағын бизнес субъектілері  14 054,5 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2022 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 3,8%  көбейді.

2023 жылғы 1  тамыз  жағдайына ауданда 137 қызметкер санымен шағын цех тіркелді және 3 жұмыс істейді. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 1571,5 млн. теңге құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-шілде  кезеңінен 296,5 % құрады.

 

          Қаржы

         2023 жылғы 1 тамыз мемлекеттік  бюджетке 3 347,5 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті  бюджетке – 2 596,5 млн. теңге. (болжамға 203,3 %, 2022 жылдың қаңтар-шілде  деңгейіне –206,2%).

 

Еңбек рыногы

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,5 пайыздық пунктке жоғары.          

 2023 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша жұмыссыздар саны  980 адамды құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 9,3 % көбейді,       кедейлік  деңгейінен  төмен тұратындар саны –  940 адам, бұл 2022 жылдың қаңтар - шілде айының деңгейіне  109,7 % құрады (83 адамға көп).

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 565 адам жұмысқа орналасты, бұл 2022 жылғы қаңтар-шілде  деңгейінен 10,0 %-ға  аз.

2023  жылғы қаңтар- маусымына  айлық  еңбекақы 7,0%-ға көбейіп,      242 150   теңге құрады.

 

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 27 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.

 

 Білім беру

Білім беру желісін 37 жалпы білім беретін мектеп (6,503 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 20 мектеп (3,032 мың оқушы). 89 оқушыға арналған 5 мектеп жанындағы интернат бар.

Колледж (201 оқушы), 17 балабақша, 21 шағын орталық (1976 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1746 бала) жұмыс істейді.

 

Мәдениет

         34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.

 

Қылмыс

62 қылмыс тіркелді, бұл  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,3% аз.

            

       

 

Дата публикации
29 августа 2023