Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-маусым айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-маусым айына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

           Аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.

 Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.

2023 жылғы 1 маусымына  жағдай бойынша халық саны 39,088 мың адамды құрады.

Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.

 

Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж. қаңтар-маусым

2023 ж. қаңтар-маусым пайызбен 2022 ж. қаңтар-маусым

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

 

4709,3

 

5795,4

 

6995,5

 

3186,0

105,3

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

21286,2

24117

31096

10840,7

101,1

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге

11117,9

9123,6

11569,8

7526,7

310,0

Орташа айлық  еңбекақы, теңге

133850

159019

195 400*

 207 178*

102,1*

 

      *- 2023 жылғы қаңтар - наурызына

 

Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-маусым  айына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

       Өнеркәсіп

       Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  3 186,0 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2022 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 5,3% көп (НКИ – 105,3 %).

 

Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 10 840,7 млн. теңге құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-маусым  деңгейінен 1,1%-ға (НКИ) көп.

         3 407,9  тонна ет өндірілді немесе 2022 жылдың қаңтар-маусым   деңгейіне  100,7 %, сүт – 19 992,2 тонна (102,3%), жұмыртқа – 3 596,8 мың дана (100,3%).

         2023 жылдың 1 шілдесіне мүйізді  ірі қара мал саны 62,115 мың бас, немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 110,6% құрады, соның ішінде сиыр –  27,136 мың бас (108,9%), қой – 64,160 мың бас (106,5%), ешкі – 10,298 мың бас (101,1%), жылқы – 17,092 мың бас (110,8%), шошқа – 1,815 мың бас (124,6%), құс – 52,584 мың бас (102,8%).
      
Инвестициялық қызмет
  Негізгі капиталға инвестициялар  7 526,7 млн. теңге (2022 ж.-2 346,1 млн.т.)  құрады немесе 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 310,0 % құрады. Оның ішінде 2 788,8 млн.теңге (2022 ж.-663,8 млн.т.)   кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебінен инвестициялар, немесе инвестициялардың жалпы  көлемінің 37,1% және өткен жылдың тиісті кезеніне 313,4%.
Бюджет қаражаты- 3 371,2 млн.тенге (2022ж.- 1140,7 млн.теңге), бұл жалпы көлемінің  44,8 % және өткен жылдың тиісті кезеніне 295,5 %.
       Басқа да қарыз қаражаты – 1 366,6 млн.тенге (2022ж.- 315,6 млн.теңге), бұл жалпы көлемінің 18,1% және өткен жылдың тиісті кезеніне 4,3 есе  көбейді.

        Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі  1 191,7 млн. теңге құрады(2022 ж.-1 043,8 млн.т.), немесе  10,3%  көбейді,  4 669 ш.м., тұрғын үй енгізілді (2022 ж.- 7 513 ш.м.),  бұл 2022 жылдың қаңтар-маусым  айының деңгейіне  62,1% құрады.

      

Тауар айналымы

      Бөлшек сауда көлемі – 2 022,4 млн.теңге құрады. 2022 жылғы қаңтар-маусым айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 181,7% құрады.

 

Кәсіпкерлік
      2023 жылғы 1 шілде  жағдайы бойынша ауданда 2 428 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 36,6%-ға көп. Олардың 2232 жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 91,9 %-ы.
      Шағын кәсіпкерлік саласында 4049  адам жұмыс істейді, бұл 2022 жылдың 1 шілде  деңгейінен 12,8 %-ға  көп.
Ауданның шағын бизнес субъектілері  10 181,0 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 2,7%  көбейді.

2023 жылғы 1  шілде  жағдайына ауданда 137 қызметкер санымен шағын цех тіркелді және 3 жұмыс істейді. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 1571,5 млн. теңге құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-маусым  кезеңінен 296,5 % құрады.

 

          Қаржы

         2023 жылғы 1 шілде мемлекеттік  бюджетке 2 816,0 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті  бюджетке – 2 157,8 млн. теңге. (болжамға 208,0 %, 2022 жылдың қаңтар-маусым  деңгейіне –194,9%).

 

Еңбек рыногы

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,1% құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,6 пайыздық пунктке жоғары.          

 2023 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша жұмыссыздар саны  852 адамды құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 13,4 % көбейді,       кедейлік  деңгейінен  төмен тұратындар саны –  881 адам, бұл 2022 жылдың қаңтар - маусым айының деңгейіне  113,7 % құрады (106 адамға көп).

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 452 адам жұмысқа орналасты, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусым  деңгейінен 0,9 %-ға  көп.

2023  жылғы қаңтар- наурызына  айлық  еңбекақы 2,1%-ға көбейіп,      207 178   теңге құрады.

 

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 27 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.

 

 Білім беру

Білім беру желісін 37 жалпы білім беретін мектеп (6,503 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 20 мектеп (3,032 мың оқушы). 89 оқушыға арналған 5 мектеп жанындағы интернат бар.

Колледж (201 оқушы), 17 балабақша, 21 шағын орталық (1976 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1746 бала) жұмыс істейді.

 

Мәдениет

         34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.

 

Қылмыс

54 қылмыс тіркелді, бұл  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,3% аз.

     

 

Дата публикации
09 августа 2023