САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың  13-і тамыз күні Теректі ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілмек. Осыған байланысты Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Досмұхан Жұмағалиев, комиссия хатшысы Дамир Меңдібаев және комиссия мүшесі Қайрат Жанғалиев Теректі ауылындағы №374, №375, №385, №387 және №388 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын түсіндірдік. Сайлау комиссиясы мүшелерінің әркет алгоритмі, сайлауды дайындау және өткізу мәселелері, сайлау учаскесін жабдықтау жөніндегі нұсқаулық пысықталып, әдістемелік көмек көрсеттік.
Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері қойған сұрақтарға жауап бердік.
Алдағы уақытта учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін электоралдық оқыту жұмыстары жоспарланды.
Теректі ауылдық округі аумағындағы учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кірісті.

Қайрат ЖАНҒАЛИЕВ,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі

 



Дата публикации
13 июля 2023