ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың 2 шілде күні Теректі ауданының Шаған ауылдық округінде ауылдық округі әкімін сайлау өтті.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Шаған ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Шаған сайлау округі Шаған ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2311 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 1039 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Р.А.Байгасиеваға – 35; Е.Б.Исеевке – 905; Н.К.Исмурзиевке - 36 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 22; жарамсыз бюллетеньдер саны - 41.
Исеев Ербол Байжанович, 1989 жылы туған, «Подстепное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Абай көшесі, 1 үйі 1 пәтерде тұрады, Шаған ауылдық округінің әкімі болып сайланды, өзін-өзі ұсынды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы