Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы
Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты
2023 жылғы 27 маусымда кандидаттар арасында пікірсайыс өткізу туралы
«Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты 2023 жылғы 27 маусымда кандидаттар арасында пікірсайыс өткізілсін.
2.2023 жылғы 27 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттар арасында пікірсайыс жоспары бекітілсін.
3.Осы шешім аудан әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
4.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев