ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 10 маусым күні Шаған ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Шаған сайлау округі бойынша:
- Байгасиева Рахима Аюповна, 1964 жылы туылған, «Приречное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Приречное ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Исеев Ербол Байжанович, 1989 жылы туылған, «Подстепное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Исмурзиев Нургали Кенесович, 1965 жылы туылған, «Аңқаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Аңқаты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
А.Бисенгалиев,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы