|
|
|
ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы №47 2023 жылғы 09 маусым
|
|
|
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімі
лауазымына кандидат Гайнуллин Марат Асхатовичті
тіркеуден бас тарту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 09 маусымдағы №01/834 хатына және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ағымдағы жылдың 09 маусымдағы хаттамасына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Гайнуллин Марат Асхатович Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, аталған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылсын.
2.Осы шешім аудан әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев