Шалқар ауылдық округі әкімін тіркеу туралы Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 3- тармақтарына сәйкес 2023 жылдың 28 мамыр күні Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 02 маусымдағы №46 шешімімен Шалқар ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Тілешжан Шынтемір Халиматұлы, 1986 жылы туған, «Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы,  Абай көшесі, 34/1 үйінде тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылды.

 

              

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы    А.Бисенгалиев,

 

Дата публикации
02 июня 2023