|
|
|
ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы №44 2023 жылғы 29 мамыр
|
|
|
2023 жылғы 2 шілдеге тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің
сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне аудандық
аумақтық сайлау комиссиясына сарапшы және кеңесші – заңгерді уақытша қабылдау туралы
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 24 мамырдағы №42 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 2 шілдеге тағайындау туралы» шешіміне және ағымдағы жылғы 29 мамырдағы хаттамасына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1) 2023 жылғы 29 мамырдан бастап Мухтубаева Сауле Зайнулловна сарапшы ретінде жұмысқа қабылдансын.
2) 2023 жылғы 29 мамырдан бастап Идрескалиев Сакен Сариевич кеңесші – заңгер ретінде жұмысқа қабылдансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев