ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың 28 мамыр күні Теректі ауданының Шалқар ауылдық округінде ауылдық округі әкімін сайлау өтті.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Шалқар ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Шалқар сайлау округі Шалқар ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1003 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 621 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
К.Б.Разиевке – 22; Ш.Х.Тілешжанға – 546; Ф.Р.Шариповқа - 15 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 16; жарамсыз бюллетеньдер саны - 22.
Тілешжан Шынтемір Халиматұлы, 1986 жылы туған, «Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы, Абай көшесі, 34/1 үйінде тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылды, Шалқар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы