"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 17-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазыкбаев |
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптары
1 – тарау. Жалпы ережелер
1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы білім деңгейі бойынша талаптар;
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың, сондай-ақ қажет болған жағдайда белгілі бір саладағы біліктілікті растайтын сертификаттың болуы бойынша талаптар (бұдан әрі-құзырет).
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы үшін персоналды басқару жөніндегі сертификаттың (HR саласындағы сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы құжаттың болуы талап етіледі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың болуы жөніндегі талап мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3, 4, 5, 6-тармақтарында және 27-бабының 8-тармағында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
3) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.