ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы № 43 2023 жылғы 24 мамыр
2023 жылғы 2 шілдеге тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімін
сайлау жөнінде Шаған сайлау округін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2023 жылғы 2 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Шаған ауылдық округі аумағының шекарасында – Шаған сайлау округі құрылсын.
- Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев