ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

     

 

 

 

 

 

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Теректі ауылы                              №42                           2023  жылғы 24 мамыр

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2023 жылғы 2 шілдеге тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 2 шілдеге тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 2 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  А.Бисенгалиев

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 мая 2023