ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы № 40 2023 жылғы 20 мамыр
2023 жылғы 28 мамырға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Шалқар ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2023 жылғы 28 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 26 мамыр күні сағат 17-00-де Сарыөмір ауылдық Мәдениет үйінің көрермен залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайысы өткізілсін.
- Осы шешім Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс
Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалының назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Козловскаяға жүктелсін.
Теректі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев