ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан   Республикасындағы сайлау  туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес,  Теректі аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 06 мамыр күні Подстепное және Шалқар ауылдық округтері әкімдерінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

 

Подстепное сайлау округі бойынша:

  1. Бектемиров Роллан Мендибаевич, 1976 жылы туылған, «Батыс Эко Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры, Теректі ауданы, Подстепное ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды;
  2. Султанов Мейрбек Акылбекович, 1988 жылы туылған, «Теректі ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Теректі ауданы, Теректі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Шалқар сайлау округі бойынша:

  1. Тілешжан Шынтемір Халиматұлы, 1986 жылы туылған, «Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды.

 

     

                                                          

А.Бисенгалиев,

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы                  

Дата публикации
06 мая 2023