2023 жылғы 28 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное және Шалқар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сарапшы және кеңесші – заңгерді уақытша қабылдау туралы шешімі

2023 жылғы 28 мамырға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданының Подстепное және

Шалқар ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне аудандық

аумақтық сайлау комиссиясына сарапшы және кеңесші – заңгерді уақытша қабылдау туралы

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 сәуірдегі №24 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 28 мамырға тағайындау туралы», ағымдағы жылғы 19 сәуірдегі №26 «Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 28 мамырға тағайындау туралы» шешіміне», ағымдағы жылғы 19 сәуірдегі хаттамасына және келісімдеріне сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы 28 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное және Шалқар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына дайындық және өткізу кезеңіне аудандық аумақтық сайлау комиссиясына келесі азаматтар қабылдансын:

             1) 2023 жылғы 19 сәуірден бастап Мухтубаева Сауле Зайнулловна сарапшы ретінде жұмысқа қабылдансын.

             2) 2023 жылғы 19 сәуірден бастап Идрескалиев Сакен Сариевич кеңесші – заңгер ретінде жұмысқа қабылдансын.

  1. Осы шешім Теректі ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  А.Бисенгалиев

 

Дата публикации
19 апреля 2023