ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Теректі ауылы № 26 2023 жылғы 19 сәуір
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2023 жылғы 28 мамырға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 3- тармақтарына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 28 мамырға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 28 мамырға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев