Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-ақпан айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-ақпан айына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

           Аудан әкімі Ғабдушев Тілекқабыл Александрұлы, 2021 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді.

 Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.

2023 жылғы 1 ақпанына жағдай бойынша халық саны 39,037 мың адамды құрады.

Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.

 

Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж. қаңтар-ақпан

2023 ж. Қаңтар-ақпан пайызбен 2022 ж. Қаңтар-ақпан

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

 

4709,3

 

5795,4

 

6995,5

 

1000,3

154,1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

21286,2

24117

31096

1056,6

111,0

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге

11117,9

9123,6

11569,8

1786,0

348,5

Орташа айлық  еңбекақы, теңге

133850

159019

195 400*

195 400*

121,6*

 

      *- 2022 жылғы қаңтар - желтоқсанына

 

Теректі ауданының 2023 жылғы қаңтар-ақпан  айына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп

       Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  1000,3 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2022 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 54,1% көп (НКИ – 154,1 %).

 

Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1056,6 млн. теңге құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпан  деңгейінен 11%-ға (НКИ) көп.

         447,6  тонна ет өндірілді немесе 2022 жылдың қаңтар-ақпан   деңгейіне  114,4 %, сүт – 1970,8 тонна (107,8%), жұмыртқа – 524,2 мың дана (101,0%).

         2023 жылдың 1 наурызына мүйізді  ірі қара мал саны 59,586 мың бас, немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 107,3% құрады, соның ішінде сиыр –  24,089 мың бас (102,7%), қой – 61,096 мың бас (102,3%), ешкі – 10,424 мың бас (100,9%), жылқы – 16,833 мың бас (110,7%), шошқа – 1,413 мың бас (80,3%), құс – 49,960 мың бас (101,4%).
 
Инвестициялық қызмет
  Негізгі капиталға инвестициялар  1786,0 млн. теңге (2022 ж.-479,4 млн.т.)  құрады немесе 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 348,5 % құрады. Оның ішінде 523,8 млн.теңге (2022 ж.-295,3 млн.т.)   кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебінен инвестициялар, немесе инвестициялардың жалпы  көлемінің 29,3% және өткен жылдың тиісті кезеніне 177,4%.
Бюджет қаражаты- 228,3 млн.тенге (2022ж.- 182,0 млн.теңге), бұл жалпы көлемінің  12,8 % және өткен жылдың тиісті кезеніне 125,4 %.
       Басқа да қарыз қаражаты – 1033,9 млн.тенге (2022ж.- 2,1 млн.теңге), бұл жалпы көлемінің 57,9% және өткен жылдың тиісті кезеніне 492,3 есе  көбейді.

 

        Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі  301,2 млн. теңге құрады(2022 ж.-201,7 млн.т.), немесе  15,5%  көбейді,  1233 ш.м., тұрғын үй енгізілді (2022 ж.- 3049 ш.м.),  бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпан  айының деңгейіне  40,4% құрады.

      

Тауар айналымы

      Бөлшек сауда көлемі – 433,7 млн.теңге құрады. 2022 жылғы қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 107,1% құрады.

 

Кәсіпкерлік
      2023 жылғы 1 наурыз  жағдайы бойынша ауданда 2221 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 29,9%-ға көп. Олардың 2042 жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 91,9 %-ы.
      Шағын кәсіпкерлік саласында 3874  адам жұмыс істейді, бұл 2022 жылдың 1 наурыз  деңгейінен 7,9 %-ға  көп.
Ауданның шағын бизнес субъектілері 2897,2 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2022 жылғы қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 2 есеге көбейді.

2023 жылғы 1  наурыз  жағдайына ауданда 137 қызметкер санымен шағын цех тіркелді және 3 жұмыс істейді. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 514,7 млн. теңге құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпан  кезеңінен 664,3 % құрады.

 

          Қаржы

         2023 жылғы 1 наурыз мемлекеттік  бюджетке 730,7 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті  бюджетке – 497,1 млн. теңге. (болжамға 204,1 %, 2022 жылдың қаңтар-ақпан  деңгейіне –171,7%).

 

Еңбек рыногы

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 2,2 пайыздық пунктке жоғары.          

 2023 жылғы 1 наурыз жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 1190 адамды құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезең деңгейінен 57,2 % көбейді,       кедейлік  деңгейінен төмен тұратындар саны –  771 адам, бұл 2022 жылдың қаңтар  айының деңгейіне  132 % құрады (187 адамға көп).

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 196 адам жұмысқа орналасты, бұл 2022 жылғы қаңтар-ақпан  деңгейінен 1,0 %-ға  көп.

2022  жылғы қаңтар- желтоқсанына  айлық  еңбекақы 21,6%-ға көбейіп,      195 400   теңге құрады.

 

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 27 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.

 

 Білім беру

Білім беру желісін 37 жалпы білім беретін мектеп (6,503 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 20 мектеп (3,032 мың оқушы). 89 оқушыға арналған 5 мектеп жанындағы интернат бар.

Колледж (201 оқушы), 17 балабақша, 21 шағын орталық (1976 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1746 бала) жұмыс істейді.

 

Мәдениет

         34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.

 

Қылмыс

11 қылмыс тіркелді, бұл  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,2% аз.

 

Дата публикации
27 марта 2023