Теректі аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы
№4 округтік сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабының 6-1-тармағының 1)тармақшасына сәйкес Теректі аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №4 округтік сайлау комиссиясы аудандық мәслихат депутаттығына 2023 жылғы 10 ақпанда кандидат тіркелгенін хабарлайды:
1.Ибраев Мирхат Максотович–1980 жылы туылған, «AMANAT» саяси партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы, Теректі ауданының Теректі ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігімен ұсынылды.
Төрайым Д.Губашева